русский язык
Басқа

Су спортынан Азия чемпионаты: Ел қоржыны төртінші алтынмен толықты

Су спортынан Азия чемпионаты: Ел қоржыны төртінші алтынмен толықты
news-banner7
mobile-news-top

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржыны төртінші алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина жұбы биіктіктен суға синхронды секіру сайысында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз 178.41 ұпай еншіледі.
Бұл аталған спортшыларымыздың Сары құрлық додасындағы алғашқы жүлдесі емес. Кеше, жарыстың алғашқы күні қос спортшымыз 3 метрлік тұғырдан секіруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Биіктіктен суға синхронды секіру сайысында екінші орынды Индонезия (174.54 ұпай) спортшылары иеленсе, үшінші орынды еншілеген Гонконгтан келген спортшылар қанжығасына байлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;