Су спорты: Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) су спортынан XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстанның ерлер құрамасы су спортынан 11-ші Азия чемпионатында эстафетада (4х100 м) күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов болды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, жүзуден жарыс 29 ақпанда, ал суға секіру жарысы 1 наурызда аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыстар, 3-9 наурыз аралығында су добы турнирі өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или