Қазақстандық қыз су спортынан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық қыз су спортынан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Диана Тажанова – ХІ Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Жерлесіміз ересектер арасында 800 метрге еркін әдіспен жүзуден қола жүлдегер атанды (8:58,86). Дианадан бұрын тек Тайланд пен Вьетнам спортшылары мәреге жетті.

Бүгін Ташанова 200 метрге еркін әдіспен жүзуден күміс алды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жүзуден жарыс 29 ақпанда, ал суға секіру жарысы 1 наурызда аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыстар, 3-9 наурыз аралығында су добы турнирі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или