русский язык
Басқа

Қазақстандық Аделаида Пчелинцева Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Аделаида Пчелинцева Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында қазақстандық Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль жеңіп алды.

Ол аталған қашықтықты 1:10.30 уақыт көрсеткішімен бағындырып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ал 200 метрлік еркін стиль бағдарламасында тағы бір отандасымыз Диана Тасжанова аталған қашықтықты 2:03.97 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер. 100 м брасс

1-орын – KZ - Аделаида Пчелинцева - 1:10.30
2-орын – HK - Хой Кю Лам - 1:10.83
3-орын – TH - Фианхван Павапотако - 1:11.78

Әйелдер. 200 м еркін стиль

1-орын – TH - Камончанок Кванмуанг - 2:02:43
2-орын – KZ - Диана Тасжанова - 2:03.97
3-орын – VN - Во Ци Тиен - 2:04.26

Сонымен қатар 15-17 жасар спортшылар арасында сынға түскен Арсен Қожахметов күміс медаль иеленді.

Ұлдар. 100 м брасс

1-орын – HK - Сай Тинг Адам - 1:00.95
2-орын – KZ - Арсен Қожахметов - 1:01.59
3-орын – TH - Рачасил Махамонхол - 1:03.49

Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;