Каратэші Нұрбек Кенжебай Кипрде қола жүлдеге ие болды

Каратэші Нұрбек Кенжебай Кипрде қола жүлдеге ие болды

Кипр елінің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. 

Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Нұрбек қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта Түркия өкілі Мерт Халичи жеңімпаз атанса, күміс колумбиялық Фореро Хуан Давидке бұйырды. Тағы бір қоланы иорданиялық Омар Шакрах қанжығасына байлады.

Жарысқа жалпы 83 елден 1000 қатысушысы өзара мықтыны анықтады. Бұл додада ел намысын 15 спортшы қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или