Қазақстандық спортшылар Венгрияда төрт алтын медаль жеңіп алды
Венгрияда өткен көркем гимнастикадан Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы жарыста 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Жеке сында Айбота Ертайқызына доппен, сойылмен және лентамен жаттығулар жасауда тең келетін ешкім болмады. Эрика Жайлауова құрсаумен жаттығуда үздік шықты», - деп атап өтті ҚР МТС баспасөз қызметі.</span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін көпсайыста Айбота күміс, Эрика қола жүлде алған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или