Рыбакина Дохадағы турнирдің финалына шықты
Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесуде Рыбакина (3-ші орын) Ресей өкілі Анастасия Павлюченковадан басым түсті– 6:2, 6:4.
Спортшылар кордта 1 сағат 30 минут уақыт өткізді.
Дохадағы бас жүлде үшін Елена Рыбакина польшалық Ига Швятекке (No1 WTA) қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или