Рыбакина камбэк жасап, Дохада жартылай финалға шықты

Рыбакина камбэк жасап, Дохада жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада WTA 1000 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің төртінші ракеткасы ширек финалда канадалық Лейла Фернандесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 1:4 есебімен жеңіліп жатқан еді, бірақ қатарынан бес геймде басым түсті.

<span>Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.</span>

Енді Рыбакина жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі.

<span>Еске салайық, Қатардағы турнир 11-17 ақпан арасында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сынның жүлдеқоры - 3,2 миллион доллар. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или