Дохада өтіп жатқан ӘЧ: Қазақстан жартылай финалға шыға алмады

Дохада өтіп жатқан ӘЧ: Қазақстан жартылай финалға шыға алмады

Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан су спортынан әлем чемпионаты аясында 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзушілер бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

<span>Қазақстан намысын ТМД-2023 ойындарының алтын жүлдегері Максим Сказобцов қорғады. Ол қашықтықты 2:05:49 уақытында бағындырып, 34-орын алды. Бұл турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін жеткіліксіз болды.</span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға үздік 16 спортшы шығады.</span>

<span>Су спортынан әлем чемпионаты 18 ақпанға дейін жалғасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или