русский язык

«Бешікташ» Бахтиер Зайнутдиновтің позициясына АПЛ-де ойнаған футболшы сатып алды

«Бешікташ» Бахтиер Зайнутдиновтің позициясына АПЛ-де ойнаған футболшы сатып алды

Түркиялық «Бешікташ» футбол клубы ағылшын Премьер лигасында ойнайтын «Ноттингем Форестің» орталық қорғаушысын сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркия Суперлигасының 3-орнында тұрған «Бешікташ» англиялық «Ноттингем Форестте» өнер көрсеткен қорғаушы Джо Уоррелды 2024 жылдың жазына дейін жалға алды.

27 жастағы Джо осыған дейін «Ноттингем Форест», «Дагенхэм» және «Рейнджерс» футбол клубтарында өнер көрсеткен.

Transfermarkt порталы футболшының трансфер нарығындағы құнын 12 миллион еуроға бағалап отыр. Уоррел – Англия жастар құрамасы сапында да доп тепкен тәжірибелі қорғаушы.

Еске салайық, түркиялық «Бешікташ" футбол клубының бапкері Фернанду Сантуш қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтің алаңдағы позициясына қатысты пікір айтқан еді. Бапкер керек болса, Бахтиерды қақпаға да тұрғызамын деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;