русский язык
ММА

Жұмағұлов Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші жекпе-жегіндегі қателігін айтты

Жұмағұлов Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші жекпе-жегіндегі қателігін айтты

Бұған дейін UFC-де Чарльз Джонсонмен кездескен Жалғас Жұмағұлов Prosports.kz тілшісіне отандасы Азат Мақсұм бұл файтерден неге жеңілгенін айтып берді.

«Есіңізде болса, күшіңді есептеу керек екенін айтқанмын, бірден барыңды салудың қажеті жоқ. Өйткені Джонсон кейінгі раундтарда оянатын файтер. Ыңғайға келмей тұрғанда оны қылқындырмай-ақ қою керек еді. Азат оны қылқындыруға көп күш жұмсады. Бұл төрешілердің Джонсонға оң баға беруіне себеп болды», - деді файтер.

Айта кетейік, Мақсұм (17-1) мен Джонсон (14-6) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде кездесті. Жергілікті файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл кездесу «кештің үздік жекпе-жегі» атанып, қос файтер 50 мың доллардан бонус алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;