Мергендер Азия чемпионатының соңғы күні 3 күміске қол жеткізді

Мергендер Азия чемпионатының соңғы күні 3 күміске қол жеткізді

Ұлттық құрама мергендері Индонезия астанасындағы Азия чемпионатының шешуші күні тағы 3 күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанды.

Ол жарыста 361 ұпай жинап, тек Қатар спортшысына есе жіберді.

Ал ерлер арасында Асадбек Назиркульев тұғыр биігінің 2-сатысына көтерілді. Ол 377 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын тіркеді.

Командалық сында Андрей Худяков, Илья Зотеев пен Асадбек Назиркульев үштігі күміс медаль жеңіп алды.

Бас жүлде — Индонезия құрамасында.

Осымен нысана көздеуден сары құрлық чемпионаты мəресіне жетті.

Мұнда Александра Ле (винтовка) мен Никита Чирюкин (тапанша) Қазақстан құрамасына Париж Олимпиадасының лицензиясын алып берді.

Қазір мергендер еншісінде 5 жолдама бар.

Ұлттық құрама жеңіп алған жүлде саны: 4 алтын, 5 күміс, 5 қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или