Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.
<span>«</span>Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сонымен қатар Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды<span>»</span>, - делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.
Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама бар. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.
Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.