Елордада Париж Олимпиадасына дайындық штабы ашылды
<span>Елордада туризм және спорт министрлігі жанынан байрақты бәсеке Олимпиада ойындарына негізделген дайындық штабы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>Оның негізгі мақсаты спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Еске сала кетсек, 4-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады.</span>Паралимпиялық ойындардың жалауы тамызда желбірейді.
Ермек Маржықпаев, ҚР Спорт және туризм министрі:
- Біздің үлкен іс-шарамыз Париж олимпиадасына дайындық. Өздеріңіз білетіндей Парижға 205 мемлекеттен 10 жарым мың спортшы 32 спорт түрінен қатысады. Қазіргі таңда өзімізде 17 лицензия 8 спорт түрлерінен бар. Өкінішке орай аздау. Бірақ біздің алдымызда 80 нен астам лицензиялық турнирлер бар. Лицензия саны көбейеді деп үміттеніп жүрміз.