Ернұр Амангелді ресейлік шахматшымен кездесуді тең аяқтады
Қазақстандық 15 жастағы шахматшы Ернұр Амангелді (рейтинг - 2012) Самарқандта (Өзбекстан) рапидтен әлем чемпионатының екінші айналымында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиммен (рейтинг - 2778) ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қара ойнаған Амангелді Непомнящимен кездесуді тең аяқтады.<br />Биылғы жылдың сәуір айында Астанада өткен әлемдік шахмат тәжі үшін өткен кездесуде ресейлік гроссмейстер қытайлық Дин Лиженнен жеңілген болатын.<br />26-30 желтоқсан аралығында Самарқанд қаласында жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 26-28 желтоқсанда рапид, 29-30 желтоқсанда блиц жарыстары өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или