Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет сенімді жеңіске жетті
![Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет сенімді жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/203991_27c39ca88badb9c0b60f76200db0287e.jpg?v=28700793)
Жексенбі күні, 17 желтоқсанда таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жоспарланған үш раундтың екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісін сәтті қолданып, қарсыластан басым түсті.
Осылайша, жерлесіміз мансабындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.