Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Украинадан жеңіліп қалды

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Украинадан жеңіліп қалды

Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Украинамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Қазақстан Украинадан 24:37 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан 0 ұпаймен топта соңғы орынға шықты.

Әлем чемпионаты 2023. Гандбол. Әйелдер.

Украина - Қазақстан 37:24 (19:12, 18:12)

Айта кетейік, G тобында Қазақстан мен Украинадан бөлек Бразилия мен Испания құрамалары бар.

2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарысқа барлығы 32 команда қатысып жатыр. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегия әйелдер құрамасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или