Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде сынға түседі

Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде сынға түседі

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем біріншілігі 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінің  ұйымдастыруымен өтеді.

Отандық гандболшылар G тобында Бразилия, Испания мен Украина құрамаларымен өзара кездеседі. Біздің гандболшберлері алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізетін болды. 

Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Бразилиямен, ал 3 желтоқсанда Украинамен ойнайды. 

Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын болған көрінеді. 

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Құрамалар төмендегідей топтарда бақ сынайды:

A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал

В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай

С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.

D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.

Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.

F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.

G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.

H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или