Щучинскте биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі басталды

Щучинскте биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі басталды

Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының 1-кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.<br />Бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан 110-ға жуық спортшы қатысты.<br />Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер құрамасы 7,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Темірлан Төлегенов көш бастады. Ол мәреге 20:33.1 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров 22.4 секундтан кейін, 20:55.5 уақытта мәре сызығына жетті. Қарағандылық Владимир Батрынча 22:06.0 уақытта үздік үштікке енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или