16 жастағы гимнаст жаттығу кезінде қайтыс болды

16 жастағы гимнаст жаттығу кезінде қайтыс болды

<span>16 қарашада Фельбах-Шмидендегі оқу-жаттығу орталығында Германия құрамасының 16 жастағы гимнасты Мия Софи Литке қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.</span>

<span>Жас спортшының өлімінің себебі әзірге нақтыланған жоқ. Дереккөздің мәліметінше, спортшының кенеттен жүрегі тоқтап қалған.</span>

<span>«Осы қиын кезеңде Мияның отбасына көңіл айтамыз және оларға осы қайғылы оқиғаны жеңе алуы үшін әлемдегі бар күш-қуат тілейміз», - делінген орталықтың баспасөз қызметінің хабарламасында.</span>

<span>Мия Софи Литке 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы Германия чемпионы атанған, ал 2023 жылы жазда ересектер командасына ауысқан болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или