OCTAGON 53 турнирінде екі титулды жекпе-жек өтеді

Еуразиялық жекпе-жек лигасы 2023 жылғы соңғы турнир OCTAGON 53 кешінің екі негізгі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
Желтоқсанның 23-і күні Алматыда өтетін турнирдің негізгі жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеуге әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) таласады.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады. Бразилиялық файтер бұған дейін «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратқан болатын.
Сондай-ақ осы кеште Самат Мамедов, Арнұр Қабдолдаев, Паям Назари, Фарид Алибабазаде, Мурад Абдрахманов, Альберт Ахмаев, Саят Абдуали және тағы басқалар өнер көрсетеді.