Қазақстандық теннисші Болгариядағы ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Софияда (Болгария) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жұптық сынындағы финалдық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда чемпиондардың қарсыластары хорватиялық теннисші Никола Мектич пен ұлыбританиялық Джулиан Кэш болды. Қазақстан-Эквадор жұбы 6:3, 3:6, 13:11 есебімен жеңіске жетті.
Финалдық матч 1 сағат 25 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда чемпиондық жұп аустралиялық қарсыластарынан басым түскен болатын.