Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасының ашылу салтанаты өтті

Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасының ашылу салтанаты өтті

<span>Түркістанда екінші Түркі Универсиадасының ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан келген 450-ге жуық спортшы қатысады. Шараны Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Ал жас спортшылар үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресінен күш сынаспақ. Жарыс 10 қарашаға дейін жалғасады.</span>

<span>Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:</span>

<span>- Өткен жылы Самарқандта өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде: Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізіп, елімізде ІІ Түркі универсиадасын өткізуді ұсынды. Универсиаданы өткізу орны да кездейсоқ таңдалмаған, Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл тек бастама. Түркі елдерін біріктіретін іс-шаралар келесі жылы да жалғасын табады. Баршаңызды осындай жарқын оқиғамен құттықтаймын және сәттілік тілеймін!</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или