Болашақ кубогына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының құрамы белгілі болды

3-6 қараша аралығында хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтетін Болашақ кубогы турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ сайтына сілтеме жасап.
Хоккейшілеріміз 20 жасқа дейінгі Ресей мен Беларусь құрамаларымен, сондай-ақ Ресей жасөспірімдер құрамасымен (U18) кездеседі.
Өтінімге 23 хоккейші енді - 2 қақпашы және 21 айдын ойыншысы.
Келесі құрам жарияланды:
Қақпашылар: Владимир Истомин («АКМ-Юниор», ЖХЛ), Руслан Какенов («Ястребы», Орал)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Семен Роев (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Игорь Пономарев («Тайфун», ЖХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен)
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Роман Ермак, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Алдияр Нұрлан, Александр Мигунов, Асанали Русланулы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Даниил Свинтальский («Арлан», Көкшетау), Данила Пиниди («Бейбарыс», Атырау)
Бапкерлік штаб:
Бас бапкер - Сергей Старыгин
Бапкерлер: Андрей Шаянов, Ильдус Габдрахманов, Александр Колюжный
Бас менеджер – Александр Корешков
2 қарашада жастар құрамасы Санкт-Петербургке аттанады, онда 3 қарашада Ресей U20 құрамасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.