Леклер Мексика Гран-приіне іріктеуде топ жарды

Мехикода Формула-1 бойынша Мексика Гран-приінің іріктеу кезеңі аяқталды, онда Ferrari өкілі Чарльз Леклер үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Леклердің нәтижесі 1 минут 17,166 секунд болды.
Тағы бір Ferrari шабандозы Карлос Сайнц (+0,067) екінші орын алса, ал Red Bull командасының пилоты Макс Верстаппен (+0,097) үшінші болды.
Мексикалық Гран-при жарысы 29 қазанда өтеді.