Қазақстанда жаңа SPORT+ спорт арнасы ашылады
7 қазанда жаңа спорт телеарнасының ресми трансляциясы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жаңа SPORT+ спорт телеарнасы қазірдің өзінде AFC Чемпиондар лигасын көрсету құқығын сатып алғаны белгілі, қазақстандық көрермендер Неймар, Криштиану Роналду мен Кәрім Бензема сияқты футбол супержұлдыздарының ойынынан ләззат ала алады.
Сонымен қатар, қазақстандық жаңа телеарнаның көрермендері Англия, Италия, Германия мен Португалия кубогы, сондай-ақ, Нидерланд чемпионатының матчтарын тамашалай алады.
Жекпе-жек өнерін сүйіп көретіндер де трансляциядан құр қалмайды. Беделді One FC және PFL MMA лигаларының турнирлерін көрсетуге келісім бар.
Ал кәсіпқой бокс фанаттарына «ESPN классикасы» ұсынылады – Мохамед Әли және Майк Тайсон секілді спорт аңыздарының жекпе-жектері қайта көрсетіледі.
Хабар екі тілде – қазақша және орысша таратылады.