Баскетболдан Ұлттық құрама Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

Баскетболдан Ұлттық құрама Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

<span>3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы D тобында үшінші матчта жеңіске жетіп, топта 2-орынмен ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>

<span>Бұл жолы қазақ баскетболшылары Таиландтан 19:16 есебімен басым түсті. Олар осыған дейін алғашқы ойында Қырғыз Республикасының (20-16), Камбоджаның (21-13) құрамасын жеңіп, Қатар ойыншыларына есе жіберген (11-19).</span>

<span>Ұлттық құрама ойыншылары: Әділ Нариманов, Рамазан Самсин, Радислав Родионов, Богдан Рабченюк.</span>

<span>Есіңізге сала кетейік, 23 жасқа дейінгі 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ширек финалына дейін жетіп, финалист Оңтүстік Кореяға жол берген (13-17).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или