«Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді

«Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 1-минутында Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін 3-минутта Нельсон Ножье басымдықты арттырды. Ал 37-минутта Райли Барбер мергендік танытса, 43-минутта Понтус Оберг көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Елордалық Джозеф Лабейт 46, Понтус Оберг 54-минутта екінші голын соқса, Всеволод Логвин 57, Дінмұхамед Қайыржан 58-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Барыс қарсыласынан 8:0 есебімен басым түсті. Енді елордалық клуб қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 8:0 (2:0, 1:0, 5:0)

Шайбы:
1:0 — 00:13 Лабат (Скленичка, Шалапов)
2:0 — 03:48 Ножье (Бекетаев, Шайхмедденов)
3:0 — 37:36 Барбер (Лабат, Данияр)
4:0 — 43:19 Оберг (Скленичка, Барбер)
5:0 — 46:01 Лабат (Скленичка, Шестаков)
6:0 — 54:16 Оберг (Скленичка, Барбер)
7:0 — 56:20 Логвин
8:0 — 57:12 Кайыржан 

Қақпашылар: Шутов — Тихомиров 00:00-04:39, Гарипов 04:39-60:00

Ереже бұзулар: 10:12 (2:2, 4:2, 4:8). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или