EURO 2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында бесінші турдағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған топтағы Дания өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдады.
Кездесу барысында даниялық футболшылар қарсыласын 4:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Бесінші турдан кейін аталған топта 12 ұпаймен Финляндия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дания мен Словенияның еншісінде 10 ұпай бар.
Ал Қазақстан 9 ұпаймен төртінші орынға сырғыды.