Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Үндістаннан басым түсті

Бүгін волейболдан Накхонратчасимада (Таиланд) өтіп жатқан әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионаты іріктеу кезеңінің бесінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі матчта қазақстандық волейболшылар Үндістан құрамасымен кездесіп, қазақстандық спортшылар жеңіске жетті.
Азия чемпионаты. Әйелдер. Топтық кезең
Үндістан – Қазақстан 17-25; 17-25; 21-25.
Еске салайық, Азия чемпионаты 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.