Бадминтоншылар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті
<span>Қазақстандық бадминтоншылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>
<span>Атап айтар болсақ, Дмитрий Панарин Нигерияда өткен Lagos International Classics 2023 турнирінде 3-орын алды. Отандасымыз жартылай финалда испаниялық Пабло Абианға есе жіберді.</span>
<span>Бұл жарыс International Challenge санатына жатады, жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары. Жекелей сындағы жеңімпаз 1800, күміс жүлдегер 975, жартылай финалға шыққан бадминтоншылар 375 доллар сыйақы алады.</span>
<span>Ал сәл ертеректе Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Tajikistan International Series турнирінде Ұлттық құрама спортшылары бірнеше жүлдеге ие болды. Жұптық сында Хайтмұрат Құлматов пен Мақсұт Таджибуллаев чемпион атанды. Сондай-ақ, Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова аралас жұптық сынның финалында тағы бір қазақстандық дуэт Хайтмұрат Құлматов/Ромуалда Батыровадан басым түсті. Мұнда қазақстандық Мақсұт Таджибуллаев пен Наргиза Рахметуллаева қола медаль алған. Әйелдер арасындағы жұптық сында Ева Бутпаева мен Наргиза Рахметуллаева 3-сатыға тұрақтады.</span>