Жаңа спорт министрі тағайындалды

Жаңа спорт министрі тағайындалды

Ақмола облысының экс-әкімі Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген Президент жарлығында.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, 1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қ. № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, № 7 ОМ тарих мұғалiмi.

1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или