Болгарияда футбол командасының жаттығуы кезінде екі ойыншыға найзағай түсті
Дунай жағалауында орналасқан Болгарияның Русе қаласында найзағайдан екі жас футболшы жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz .
Дереккөздің мәліметінше, оқыс оқиға «Дунай» стадионында өтіп жатқан балалар командасының жаттығуы кезінде болған. 11 жастағы ойыншылар ауыр күйік алды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін метеорологтар Болгарияның бұл аймағында найзағай ойнау қаупі бар екенін ескерткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или