«Ред Булл» шабандозы рекордты қайталады
Зандвортта Формула-1-ден 2023 жылғы маусымның 13-жарысы — Голландия Гран-приі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпаз «Ред Булл» командасының пилоты Макс Ферстаппен атанды. 25 жастағы нидерландтық «Формула-1-дің» осы маусымында қатарынан тоғызыншы және 11-ші Гран-приді жеңіп алды. Ол қатарынан жеңіске жету саны бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Себастьян Феттелдің рекордын қайталады (9 жеңіс, 2013 ж.).
Үздік үштік қатарында «Астон Мартин» командасының шабандозы Фернандо Алонсо мен «Альпин» командасынан Пьер Гасли болды.
«Нидерланд Гран-приі». Зандворт. Жарыс
1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 72 айналым
2. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +3,744
3. Пьер Гасли («Альпин») +7,058
4. Серхио Перес («Ред Булл») +10,068
5. Карлос Сайнс («Феррари») +12,541
6. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +13,209
7. Ландо Норрис («Макларен») +13,232
8. Алекс Албон («Уильямс») +15,155
9. Оскар Пиастри («Макларен») +16,580
10. Эстебан Окон («Альпин») +18,346