Қазақстан стенд атудан әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Қазақстан стенд атудан әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Бакуде (Әзірбайжан) стенд атудан Әлем чемпионаты жалғасуда. Сіздердің назарларыңызға "скитте" Қазақстандықтардың нәтижелерін ұсынамыз.

Жеке есепте Александр Ещенко финалдан бір қадамда тоқтады. Ол мүмкін 125 нысананың 123 нысанасына дөп түсті. Күресте шешуші раундта Александрға бір нысана жетіспеді. Ол жетінші орынға ие болды.

Әйелдер арасында Әсем Орынбай 125 нысананың 120 нысанасын алды сол арқылы, 14-ші орынды иеленді.

Ерлер арасында командалық есепте Қазақстан командасы бесінші орынға ие болды (375-тен 362 нысана). Әйелдер құрамасы оныншы нәтиже көрсетті (375-тен 346 нысана).

Аралас командалар арасындағы жарыста Зоя Кравченко мен Давид Почивалов 150 - ден 143 нысананы, ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко 150-ден 142 нысананы жапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или