Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Испанияда көркем гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Испанияның Валенсия қаласы 23-27 тамыз аралығында көркем гимнастикадан 40-әлем чемпионатын қабылдайды.

Қазақстан құрамасы лицензиялық чемпионатта жекелей сында және топтық сында өнер көрсетеді.

Жекелей сында ел намысын құрама үздігі Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғайды.

Ал топтық сында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар: Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова, Баян Койбакар, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Аяулым Қадыр.

Айта кетейік, топтық сында жолдаманы алғашқы бестікке енген командалар иелене алады. Ал жекелей сында Париж Олимпиадасының 14 жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или