Тимур Рудосельский «Ақтөбеге» ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Ақтөбе» футбол клубы қорғаушы Тимур Рудосельскийді Қазақстан чемпионатына қатысатын тізіміне қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы қазақстандық қорғаушы «Ақтөбеде» 2-нөмірмен өнер көрсетеді.
Тимур Рудосельскийдің бұған дейінгі клубы «Алашкерт» болды. Ойыншы армениялық командадан бір апта бұрын еркін агент ретінде кетті. Өткен маусымда Рудосельский «Алашкерт» сапында тоғыз матчқа қатысты.
Сондай-ақ ол «Қайрат», «Жетісу», «Оқжетпес», «Қайсар», «Тұран» командаларында ойнаған.