Эррол Спенс — Теренс Кроуфорд жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да PBC ұйымдастырған үлкен бокс шоуы өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд кездеседі. Бұл сында жартылай орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақтағы мексикалық Исаак Крус пен америкалық Джованни Кабрера кездеседі.
Спенс — Кроуфорд жекпе-жегінің тікелей трансляциясын Астана уақытымен 05:55-те басталады, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.