ГЛАВНАЯ
Елена Рыбакинаның WTA жаңартылған рейтингіндегі орны қандай
Елена Рыбакинаның WTA жаңартылған рейтингіндегі орны қандай

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.
Жұптық сында бұрынғыша Катерина Синякова, Барбора Крейчикова (екеуі де — Чехия) және Джессика Пегула (АҚШ) үздік үштікте тұр. Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или