Әділбек Мусин әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Әділбек Мусин әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Фукуокада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин қашықтықты 23,55-те өтіп, 24-орынға тұрақтады.

Үздік нәтижені француздық Максим Грусет (22,74) көрсетсе, екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джейкоб Томас Тейлор (22,85) алды, Тринидад пен Тобагодан келген Дилан Картер (22,89) үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, жартылай финалға 16 жүзгіш шығады.

Қазақстандықтың ең жақсы көрсеткіші – 23,42 секунд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или