ВИДЕО. Қазақстандық WBO чемпионы Эдинбургтегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10КО) Эдинбургте (Шотландия) өтетін жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ал Қазағым ертенгі жұмада мен үшін дұғада болыныздар. Мен дайынмын», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Сенбіге қараған түні 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы испаниялық Джон Картер (15-0, 7 КО) болады. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингте жеңіліссіз келеді. Зәуірбектің қоржынында 14 жеңіс бар.