ММА

Тағы бір өзбекстандық файтер UFC турнирінде өнер көрсетеді

Тағы бір өзбекстандық файтер UFC турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

ММА-да өнер көрсететін өзбекстандық Богдан Гусков UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы бапкер Гор Айвазян әлеуметтік желіде айтты.

Гусков соңғы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында MMA Series 64 турнирінде Карлос Эдуардоға қарсы өткізді. Бұл текетіресте Богдан бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Гусков 2022 жылдың қарашасында MMA Series 61 турнирінде Алиреза Вафайға қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта нокаутпен өз пайдасына аяқталды. Оның 14 жеңісі мен екі жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0