Грек-рим күресі

Грек-римнен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 4 жүлде алды

Грек-римнен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 4 жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 3 күміс, 1 қола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың төртінші күнінде грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жасстар сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық үш балуан финалда күш сынасса, біреуі қола жүлдені сарапқа салды.

​ Финалға шыққан Айбек Айтбеков (55 келі), Юсуф Ашрафов (60 келі) және Нұрасыл Аманалы (87 келі) қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал​ 130 келідегі Жохар Узаров қола үшін болған таласта Палестина балуанын ұтты.

Енді 16 шілдеде U20 грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер