Қазақстан кубогының алғашқы финалисі белгілі болды

«Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда шымкенттіктер елордалық «Астанамен» кездесті. Астанада өткен алғашқы матчта ел чемпиондары 1:0 есебімен жеңген болатын.
Шымкенттегі қарымта матчтың да негізгі уақыты дәл осындай есеппен аяқталды. 63-минутта Шахбоз Умаров жалғыз голды соқты.
Сондықтан жеңімпаз овертаймда анықталды. Бірінші экстра-таймға қосылған қосымша уақытта Темірлан Ерланов гол соғып, «Ордабасыға» жеңіс сыйлады.
Қазақстан кубогының финалында шымкенттіктердің қарсыласы «Тобыл» не «Атырау» болады.
«Ордабасы» - «Астана» - 2:0 (0:0, 1:0, 0:0)
Голдар: Умаров 63 (1:0), Ерланов 105+2 (2:0)
06 шілде 2023, 21:00. Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион.