Макс Ферстаппен Австрия Гран-приін жеңіп алды
Red Bull командасының өкілі Макс Ферстаппен Формула-1 Австрия Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші орынды кешегі іріктеу жарысында 15-ші орынмен аяқтаған француздық Феррари шабандозы Шарль Леклер иеленді. Сонымен қатар, кешегі спринтте екінші орын алған Red Bull командасындағы Серхио Перес де үздік үштікке енді.
Айта кетейік, әлемнің жеті дүркін чемпионы мерседестік Льюис Хэмилтон бұл жарысты 7-ші орынмен аяқтады. Айта кетейік, кешегі спринтте үшінші болып мәреге жеткен Ferrari-ден Карлос Сайнц бүгін 4-орынға табан тіреді.
Австрия Гран-приі
1. Макс Ферстаппен (Ред Булл) – 71 айналым
2. Чарльз Леклер (Феррари) +5,155
3. Серхио Перес (Ред Булл) +17 188
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или