Қуандық Шадияр қазақ күресінен алтын жүлдегер атанды
Абай облысында қазақ күресінен «Тұғыры биік Тарбағатай» Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-при 10-шы халықаралық турнир өтті.
74 келі салмақта грузиялық Ника Техикаидзе және ирандық Турия Чокри қола жүлдені жеңіп алды. Финалда тәжік спортшысы Хусаинзада Мохамедраджа мен қазақстандық Қуандық Шадияр кездесіп, соңғысының асығы алшысынан түсті.
Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-при:
І орын - Қуандық Шадияр (Қазақстан)
ІІ орын - Хусаинзада Мохамедраджа (Тәжікстан)
ІІІ орын - Ника Техикаидзе (Грузия), Турия Чокри (Иран)
Биыл 10-шы мәрте өткен байрақты бәсекеге 15 елдің балуандары қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или