Қазақстандық гимнастардың Азия чемпионатындағы нәтижесі
Сингапурда спорттық гимнастикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңі аяқталып, қазақстандықтар бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР гимнастика федерациясына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Нариман Құрбанов ат снарядындағы сайысты 15.333 ұпаймен аяқтап, алтын жүлдеге ие болды. Күміс және қола жүлде сәйкесінше Иордания және Жапония спортшыларына бұйырды.
Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Потанин 14,366 ұпаймен күміс медаль еншіледі. Бірінші орыннан филиппиндік спортшы, үшінші орыннан Қытай гимнасты көрінді. Осы дисциплинада Милад Карими де өнер көрсеткен болатын, ол жаттығуды 5-орынмен аяқтады (14.100 ұпай).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или