Жетісу облысында парапланмен ұшудан Әлем кубогы басталды
Талдықорған іргесіндегі «Тау Жетісу» демалыс аумағында парапланмен ұшудан Әлем кубогы басталды.
20 елден жиналған 100-ге тарта спортшы сайысқа түсті. Қатысушылар арасында 15-тегі баладан 78 жастағы қарияға дейін жүр. Алдымен 3 күн бойы іріктеу жарысы өтеді. Жартылай финал мен шешуші бәсеке 18 маусымға жоспарланған.
Шетелден келген меймандар Талдықорған жерінде өтіп жатқан жарыстың спортшылар үшін оңай болмайтынын айтып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или