Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға жоғарылады
Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты әйелдер құрамасының жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан әйелдер құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылады. Олар бұдан бұрын 101-орында тұрған еді.
Енді 99-орынға көтеріліп, 1205.62 ұпайды еншіледі.
Бұл көрсеткіші бойынша рейтингте Эстония(98-орын, 1211.02 ұпай) және Фарер аралдары (100-орын, 1201.16 ұпай) қатар тұр.
Рейтингтің көш басында АҚШ әйелдер құрамасының еншісінде 2090.03 ұпай бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или