Алматыда шахматтан Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Алматыда шахматтан Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының салтанатты жабылу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық шахмат федерациясы хабарлағандай, жарыстың қорытындысы бойынша өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды (FIDE рейтингі 2583, ең жоғары - 7 балл жинады).

Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медаль иегері атанды (FIDE рейтингі 2555, 6,5 ұпай жинады).

Қазақстандық шахматшы Әлішер Сүлейменов қола медальға ие болды (FIDE рейтингі 2463, 6,5 ұпай).

Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник иеленді (FIDE рейтингі 2555, 6,5 ұпай).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или